«Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырына жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты сәуірдің 26-29 күндері аралығында аталған құбыр арқылы су беру уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмысы біткенше Бейнеу ауданын сумен қамтамасыз ететін «Бейнеусусервис» КМК тұрғындарға су сақтау қоймасындағы суды реттеп, кезекпен береді.
Аудан халқынан су тапшылығын болдырмау үшін су қорын алдын ала жинап, үнемдеп пайдалану сұралады.