© Талант ҚҰСАЙЫН
Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі «Жаужүрек полк» акциясына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Жаужүрек полкінің» үйлестірушілерінен Ақтау қаласында шеру өткізу туралы ұсыныстар түскен болатын. Алайда, өткізілетін күні, уақыты және орны туралы қорытынды шешім шығарылған жоқ. Биыл әскери парадтың өткізілмеуіне байланысты «Жаужүрек полкі» акциясын ұйымдастырушыларына тұрғындарға ыңғайлы болу үшін іс-шараны онлайн режимде өткізу ұсынылды»,-деді Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева.