Партияның облыстық филиалы сайлау алдындағы барлық уәделерінің дер кезінде орындалуына бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Отырыста партияның Маңғыстау облысы бойынша «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша «Жол картасы-2021» бағдарламасының орындалу барысы, депутаттардың пайдалылық рейтингінің қорытындысы, т.б. сондай-ақ партияның облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровтың баяндамасы тыңдалды.
¬ Облыста әлеуметтік, инженерлік, жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Биыл облыста 593 іс-шара жоспарланған, оның орындалуы фракция мүшелерінің тұрақты бақылауында болуы тиіс. Партияның өміршеңдігі сайлау алдындағы уәделердің орындалуына байланысты екенін түсіну керек. Партия үкіметпен және әкімдіктермен бірлесе отырып, сайлау алдындағы уәделердің орындалуын жіті қадағалауы керек, - деді Нұрлан Ноғаев.
Айта кетейік, аталған отырысқа партияның облыстық филиалының төрағасы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық филиал төрағалары, аудан әкімдері, сондай-ақ депутаттық фракция мүшелері қатысты.