Ақтаудағы "Holiday Inn" қонақ үйінде "Aktau chess week"-тің ұйытқы болуымен кезекті шахмат сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл шараға Қазақстанның әр өңірінен қатысушылар келеді және жасқа шектеу қойылмайды.
"Шахмат фестивалі жыл бойы әр ай сайын Ақтауда өтеді. Әр дода бір аптаға созылады. Қазақстанның мықты шахматшылары келетіндіктен, бұл — Маңғыстаудың ойыншылары үшін шыңдалуға да, тәжірибе жинауға да ерекше мүмкіндік. Мұнымен қоса, қаламыздың туризмін дамытуға өте жақсы жарнама болады деп ойлаймын. Біз демеушілердің көмегімен қатысушыларға мағыналы әрі қызықты уақыт өткізуге жағдай жасауға тырысамыз", — дейді ұйымдастырушы, "Дебют" шахмат мектебінің басшысы Әнуар Шайхымов.