Ақтауда “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Ақтау қаласының полицейлері егер де әкімшілік құқық бұзушылық жасалып, хаттама толтырылған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесе, 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарылып, 100 пайыз төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды.