© фото kp.kz
Мерзімді түрде әлеуметтік желілердемедициналық сақтандырусыз көмек қажет болғанкезде оны алу мүмкін емес деген қате пікірқалыптастыратын жарияланымдар пайдаболады. Әлеуметтік медициналық сақтандыруқоры МӘМС жүйесінде сақтандырылмағанпациенттердің қандай медициналық көмекке сенім арта алатындығын және ол қызметтің қалай көрсетілетінін еске салуға шешімқабылдады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымедициналық көмектің бірыңғай сатып алушысыболып табылады және тегін медициналықкөмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті медициналықсақтандыру (МӘМС) жүйесінде халыққакөрсетілген медициналық қызметтер үшін ақытөлеуді жүргізеді.
МӘМС тізбесіндегі қызметтер«САҚТАНДЫРЫЛҒАН» мәртебесі бар азаматтарға ұсынылады.
Сақтандырылмаған пациенттер қандай көмеккүте алады? Оларға ТМККК-де көзделген медициналық көмектің түрлері ұсынылады.
ТМККК кімге тиесілі?
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражатынан төленеді және олар:
- Қазақстан Республикасының азаматтарына,
- қандастарға,
- босқындарға,
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар)шетелдіктерге,
- Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын (және тұруға ықтиярхаты бар)азаматтығы жоқ адамдарға.
Қазақстан Республикасында уақытша болатыншетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, пана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары болған кезде ТМККК алуға құқығы бар.
ТМККК - ге не кіреді?
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне мыналар кіреді:
1. Жедел жәрдем қызметтері, оның ішінде белгілі бір жағдайларда медициналық авиацияны тарта отырып (яғни шұғыл көмек қажет болған жағдайда пациентке оның сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан көрсетілуі тиіс);
2. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек қызметтері (МСАК, яғни бұл негізінен сіздің емханаңыздың учаскелік қызмет деңгейінде көрсетілетін негізгі қызметтер), оның ішінде:
1) ең көп таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;
2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеру;
4) иммундау (вакцинация);
5) салауатты өмір салтын қалыптастыру жәненасихаттау;
6) ұрпақты болу денсаулығын қорғау жөніндегііс-шаралар;
7) жүкті және босанғаннан кейінгі кезеңдегіәйелдерді бақылау;
8) инфекциялық аурулар ошақтарындағысанитариялық-эпидемияға қарсы жәнесанитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
3. Амбулаториялық жағдайдамамандандырылған медициналық көмек (бұлемхана деңгейінде, оның ішінде есепте тұрғандарүшін және шұғыл жағдайлар туындаған кездекөрсетілетін қызметтер):
1) АИТВ-инфекциясының және туберкулездіңпрофилактикасы және диагностикасы;
2) жарақаттар, уланулар немесе басқа да шұғылжағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегіэпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынтудыратын аурулар кезіндегі және оларға күдіктуындаған жағдайларда сақтандырылғанмәртебесіне қарамастан барлық адамдар үшінмобильді бригаданың қызметтері;
3) әлеуметтік маңызды аурулар кезіндегідиагностика және емдеу;
4) динамикалық бақылауға жататын созылмалыаурулар кезіндегі диагностика және емдеу.
4. Стационарды алмастыратын жағдайлардамамандандырылған медициналық көмек(айтпақшы, бұл коронавируспен ауырғаннауқастарды үйде емдеуді де қамтиды):
1) әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеукезінде;
2) елдегі эпидемиологиялық ахуалдыңнашарлауын тудыратын аурулар кезінде жәнеоларға күдік туындаған жағдайлардасақтандырылған мәртебесіне қарамастан барлығыүшін үйдегі стационардың қызметтері;
3) динамикалық бақылауға жататынсозылмалы аурулар кезінде емдеу.
5. Стационарлық жағдайдағымамандандырылған медициналық көмек(пациенттердің белгілі бір санаттары үшінауруханада емдеу):
1) айналасындағыларға қауіп төндіретінинфекциялық немесе паразиттік ауруменауыратын науқаспен қатынаста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және қауіп төндіретінинфекциялық немесе паразиттік ауруға күдіктіадамдарды оқшаулау кезінде;
2) инфекциялық, паразиттік ауруларды жәнеайналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардыемдеу кезінде;
3) сақтандырылу мәртебесіне қарамастанадамдарға шұғыл көмек көрсету, оның ішіндетәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесіндеемдеу-диагностикалық іс-шаралар өткізу;
4) жоспарлы тәртіпте.
6. Медициналық оңалту:
1) негізгі ауруды емдеуде;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар үшін.
7. Паллиативті медициналық көмек;
8. Мамандандырылған медициналық көмеккөрсету кезінде медициналық көрсетілімдерболған кезде қан препараттарымен және оныңкомпоненттерімен қамтамасыз ету;
9. Амбулаториялық, стационардыалмастыратын және стационарлық жағдайлардамамандандырылған медициналық көмек көрсетукезіндегі патологиялық-анатомиялықдиагностика;
10. Қазақстандықтарды шетелге емделугежіберу және (немесе) отандық медициналықұйымдарда емделу үшін шетелдік мамандардытарту;
11. Дәрілік заттармен, медициналықбұйымдармен, мамандандырылған емдікөнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілікпрепараттармен қамтамасыз ету. (Әлеуметтікмаңызы бар, созылмалы аурулары бар динамикалық есепте тұрған адамдар үшінқарастырылған. Бүгінгі күні амбулаториялықдеңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 347 атауы бойынша49 нозология қамтамасыз етіледі. Тізбе ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 75 бұйрығыменбекітілген).
Аталған барлық жағдайлардасақтандырылмаған азаматтар мемлекет кепілдікберген тегін медициналық көмек көлемішеңберінде оларға көрсетілетін қажетті көмеккесене алады.
«Егер сізге шұғыл көмек қажет болса, ал сізгеМӘМС-де сақтандырылу мәртебесінің жоқтығынасілтеме жасай отырып, оны көрсетуден бас тартылса, дәрігерге пациенттің өз құқықтарытуралы мәлімдеу және олардың сақталуын талапету қажет. Қорға осындай өтініштер жиі келіптұрады, сондықтан азаматтарды өз құқықтарынбілуге шақырамыз», – деп ӘМСҚ БасқармаТөрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджантүсіндірді.
Егер МӘМС үшін жарналар төлемесе, пациенттер тіпті емханаға жүгінбейтін де фактілербар. Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталғанжағдайлар бойынша тегін көмектен Сізге бас тартпау керек.
Сонымен бірге, Қор медициналыққызметтердің кең тізімін пайдалану үшін МӘМС жүйесінің қатысушысы болуды ұсынады. Атапайтқанда, бұл тар бейінді мамандардыңконсультациялары, диагностикалық зерттеулер, жоспарлы операциялар, соның ішінде қымбаттұратын операциялар.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайдаоларды емхананың анықтама қызметіне қоюға немесе жағдайды шешу үшін Пациенттердіқолдау қызметіне хабарласуға болады. Егер солжерде түсіністікке қол жеткізу мүмкін болмаса, сіз үшін ыңғайлы байланыс арнасы бойыншаӘлеуметтік медициналық сақтандыру қорынахабарласуыңыз керек: fms.kz ресми сайты, 1406байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильдіқосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.