18 жастағы Бибісара Асаубаева 2021 жылғы Азияның үздік шахматшысы марапатына ие болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы спортшы Үндістанда өткен марапаттау рәсімінен кейін айтты.
«Кеше ФИДЕ марапаттау рәсімі өтті 15-әлем чемпионы Вишванатан Ананд маған «Әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы 2021» марапатын табыстады. ФИДЕ менің жұмысымды жоғары бағалағаны үшін рахмет!", - деп жазды Бибісара Асаубаева instagram парақшасында.
Қазақстан шахматшыларын қолдаған Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісараны құттықтап, оған жаңа спорттық жетістік тіледі.
Еске сала кетейік, Бибісара Асаубаева – әйелдер арасындағы гроссмейстер, ерлер арасындағы халықаралық шебер, 2021 жылғы блиц бойынша әлем чемпионы – шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. Рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2021 жылғы Азия чемпионы.
Қазір біздің отандасымыз Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның намысын қорғап жатыр.