12-15 қараша күндері Астанада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Чемпионатқа өңірімізден 21 дзюдошы (13 ер, 8 әйел) қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ел біріншілігіне Маңғыстау облысынан қатысушылар арасында халықаралық додаларда ел намысын қорғап жүрген бірқатар дзюдошылар бар. Олардың арасында Бауыржан Нарбаев (60 кг), Мерей Мархамбетов(60 кг), Сұңғат Жұбатқан (66 кг), Асқар Наркұлов(73 кг), Руслан Мұсаев (81 кг) сынды Азия, Еуропа кубогының, әлемдік Гран-при және Grand Slam жарысының жеңімпаз, жүлдегерлері қатысады.
Республикалық додада еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы сынға түспек. Біріншілік нәтижесінде 2024-2025 жылғы жаңа маусымға ұлттық құрама жасақталатын болады