Биыл Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылында орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазір 3 тұрғын алапта жол тегістеліп жатыр. Атап айтсақ, Бозжыра тұрғын масивінің 1.6 шақырымына, Шерқала тұрғын массивінің 3.7 шақырымына, Бесшоқы тұрғын массивінің 3.9 шақырымына асфальт жабындысы төселіп жатыр.
Жөндеу жұмыстары “Ауыл - ел бесігі” бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
- Маңғыстау ауылы аумағының 9,2 шақырымына асфальт төселіп жатыр. “Абат” ЖШС мердігер мекеме ретінде тағайындалып, бірлесіп қызмет етіп жатырмыз. Бұл жұмыстар қараша айының соңында аяқталады деп жоспарланған,- деді Маңғыстау ауылы әкімінің орынбасары Нұрлан Орынбасаров.
Қазіргі таңда асфальт жабындысы төселетін көшелер тегістеліп, 1,8 шақырым құм аралас қиыршық тас төселуде.