Ақтау гарнизонында әскери қоян-қолтық ұрыстан бригада командирінің кубогі үшін теңіз жаяу әскерлері арасында турнир өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге сегіз теңіз батальонының қырықтан астам офицері мен сержанттары қатысты. Командалар арасындағы жарыс "қабырғаға қабырға" форматында бес салмақ санатында өтті, онда әрбір жеке жеңіс жалпы нәтижеге есептелді.
Ұйымдастырушылар мұндай жарыс жүйесі ұйымшылдық пен командалық рухты қалыптастыратынын, әріптестеріне жолдасының сәтсіздігін түзетуге мүмкіндік беретінін және әдетте, соңғы жекпе-жекке дейін бүкіл турнирдің қызығушылығын сақтайтынын атап өтті.
- Теңіз жаяу әскерлері бригадасының жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша турнир өткізілді. Біз әскери қызметшілердің мықты әскері мен жауынгерлік рухына сенімдіміз. Жарысқа қатысқан барлық жауынгер шеберлігін, жоғары жауынгерлік дағдысын және жеңіске деген ерік – жігерін көрсетті, - деді бригада командирінің жауынгерлік және дене дайындығы жөніндегі орынбасары майор Сапаралы Қазақбаев.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте гвардия капитаны Фархат Манабаевтың басқаруымен 1-ші теңіз жаяу әскерлері батальонының командасы ең мықты болды. Екінші орын 2-ші теңіз батальоны командасында. Үштінші орынды артиллериялық дивизион командасы алды.
Турнир жеңімпаздарын бригада қолбасшылығы бағалы сыйлықтармен, грамоталармен және бригада командирінің ауыспалы кубогымен марапаттады.