Жедел-іздестіру шаралары барысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікті анықталып, ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша Ақтау қаласы ТЖД-да тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске салайық, пышақпен жараланған кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы 17-ші шағын аудандағы аулалардың бірінен ауруханаға жеткізілген болатын. Ер адам есін жимай қайтыс болды.