ГМ 172/10 мекемесінің қызметкерлері дастархан жайып, бір-бірімен көрісіп қарсы алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz түзеу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтемеп.
Амал – жылдың басы болып саналады. Бұл тіршіліктің жаңаруы мен теңесу мерекесі. Біздің ұжымдастарымыз мерекеге ерекше дайындалады. Біздің қатаң мекемеде ерекше атмосфера бар. Бұрын ата-бабаларымыз бұл күні таңертең қазанға ет асып, бауырсақ пісіріп, мерекелік дастархан жайған. Біз де бұл дәстүрді қастерлейміз, - дейді Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ 172/10 мекемесі бастығының міндетін атқарушы Есболат Ағлепесұлы.
Қызметкерлер келушілерді ыстық бауырсақ пен хош иісті шаймен қарсы алды. Дастарханды шұбат пен қымыз, палау, самса және чак-чакпен жайнатқан. Дәстүр бойынша мерекелік дастарханның ең басты тағамы наурыз көже болды. Ал тағамдарды тергеу изоляторының қызметкерлері дайындаған.