© Суретті түсірген Т. Құсайын
Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Спикердің айтуынша, облыс бойынша 25 емханада ревакцинация жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі таңда 41 879 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде 6 395 – медицина қызметкері, 1 059 – мемлекеттік қызметкер, 4 836 – күш құрылым қызметкері, 3 015 – өндіріс қызметкері, 2 182 – вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкер, 7 105 – педагог, 415 халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкері, 192 теміржол қызметкері, 385 тамақ қызметкері, 706 сауда кәсіпорын қызметкері, 427 жүкті әйел. 974-і 50 жастан жоғары болса, 306-сы «Д» есептегі науқастар, 1162 студент және тағы басқалары екпе алды», - деді Асқар Сағымбаев.
Жалпы, қазір қолданыста ресейлік «Sputnik V»; «QazVac»; «Синовак вероселл»; «CoronaVac»; «Pfizer» вакциналары бар. I – компонентпен 224 914 (57,9%), II – компонентімен 206 937 (53,3%) адам егілді.
Маңғыстау облысында соңғы тәулікте коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ.