Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 13 тамыз күні сағат 01:17-де 4 шағынауданда «Махалла» мейрамханасының ғимаратында пеш тұтанған. Өрт сағат 01:27-де ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 3 бірлік арнайы техника мен 12 қызметкер жұмылдырылды, - дейді Ақтау қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі аға инженері Елдос Халелов.