Маңғыстау ауданында былтыр іске қосылған «Нұржау» жылыжай кешені дүкендер қызанақпен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жалпы егін шаруашылығы Жыңғылды, Өтес, Үштаған, Онды, Шайыр ауылдары аумақтарында өсіріледі.
Аудан әкімінің айтуынша, 37 шаруа қожалығы 262 гектар жерге көкөніс бақша дақылын екті. Оның ішінде 236 га жерге тамшылата суару қондырғысын пайдаланды. 6 500 тонна өнім өндірілді.
«Ауданымызда 2021 жылы көлемі 1 га болатын «Нұржау» жылыжай кешені іске қосылды, қазіргі таңда өнім өндіру жұмыстары жүріп жатыр. Жылыжайда осы уақытқа дейін 2 мың тоннаға жуық өнім жиналған. Ал, күніне 600 келісін алып отыр», - деді Тілек Көшмағанбетов.
Сонымен қатар егін суару мақсатында магистральды су құбырынан су пайдаланған 2 шаруа қожалығы шығынының 85 пайызы субсидияланды.