Ақтау дүкендеріндегі қант бағасына облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының мамандары бақылау жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Басқарманың мәліметінше қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 700 тонна қант өнімі бар. Дүкен сөрелеріндегі құмсекер 285-295 теңге шамасында сатылып жатыр.
Біз күнделікті мониторинг жүргізіп жатырмыз, қант тапшылығы жоқ. Құмсекер барлық сауда желілерінде сатылымда бар. Орташа бағасы бір келісіне 295 теңге. Өңірге бұл тауар Ресей, Белорусия елдерінен және Қазақстанның басқа өңірлерінен тасымалданады. Ресейдегі қазіргі жағдайға байланысты қант жеткізілмеуі мүмкін. Бірақ, біздегі қор жеткілікті. Тұрғындардан дүрбелеңге берілмеуді сұраймыз, - деді облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда және баға мониторингі бөлімінің басшысы Әли Исатайұлы.
Ал азық-түлік шағын маркетінің әкімшісі соңғы уақытта халықтың қантты көп сатып алып алып жатқанын айтады. Дегенмен, бір адамға екі келіден артық сатылмайды.
Қазір қантқа сатылым артты. Тіпті, сөрелерге орналастырып үлгермей жатырмыз. Бірақ бізде тауар жеткілікті, - деді шағын маркет әкәмшісі Исабек Тоқтамысов.
Кәсіпкерлік басқармармасы мамандарының айтуынша кейбір кәсіпкерлер осы жағдайды пайдаланып бағаны өсіруі мүмкін. Сондықтан, мониторингтік бақылау жүргізіліп тұрады.