Маңғыстау облысының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚР-да аумағында жүру қағидаларын бұзушылығын анықтау үшін 10-17 наурыз аралығында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төрт күн ішінде көші-қон полициясының қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 476 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, ҚР-ның 87 азаматы шетелдіктердің келгені туралы полиция органдарын уақтылы хабардар етпегені үшін жауапкершілікке тартылды.
"Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын заңды тұлғалар мен кәсіпорындар мұқият тексерілді. ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы бойынша (шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) 21 адамға айыппұл салынды. Сот шешімі бойынша 29 шетелдік елден шығарылды. Сондай - ақ, іс-шара барысында іздеуде жүрген 3 қылмыскер ұсталды", - деп хабарлады полиция департаментінде.