Ақтауда «Мираж-6» патрульдік полиция батальонының экипажы «Каспиан Тауэрс» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы жолда күдікті көлікті тоқтатпақ болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Алайда «Лада Приора» маркалы автокөлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемеген.
Көліктегі мас жүргізуші полицейлерден кері қарай қашпақ болғанымен, біраз уақыттан кейін ол электр қалқанына соғылған.
Полицейлер жүргізушіні ұстады. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер «Лада Приора» жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушы медициналық тексеруге алынды. Нәтижесінде жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды.
Сонымен қатар, полицейлер бұрын жүргізушінің Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, - деген сияқты жауапкершілікке тартылғанын анықтады. Содан соң қалалық соттың шешімімен жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылған.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен тіркелді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік тұраққа қойылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айта кетейік, қазір облыста «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.