Жол апаты бүгін күндіз Маңғыстау ауылында "Келдаман" дүкеніне қарсы жолда болды. "Opel Vectra" автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 6 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Полиция департаменті хабарлағауынша, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі және 611-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.