Мұндай босану бөлмесін құру идеясы бұрын пайда болған. Енді Амал мерекесі қарсаңында ашылып отыр. Мұнда бәрі үй жағдайына жақын, дәрігерлердің айтуынша, бұл болашақ аналардың босануын жеңілдетіп, оған психологиялық тұрғыдан көмектеседі. Аталған бөлмедегі барлық затты өңдеуге және жууға болады.
Мысалы, палатаның ортасында арқан төбеден ілулі тұр - бұл толғақтағы әйелдің толғағын жеңілдетуге көмектеседі. Қабырғаға суреттелген Құран, домбыра, бесік жанында жаңа туған ана - мұның бәрі өте символдық және босанған әйелдің тыныш, жайлы жағдайда босануына көмектеседі.
«Палата жылы, босану бөлмесіндегі әрбір зат маңызды – арқан, бесікке жақын ана, қазан. Осы заттармен байланысты өте қызықты сенім бар. Қайын ене немесе шеше әйелді босануға шығарып салғанда, отқа қазан қойып, жаңа отбасы мүшесінің дүниеге келуіне арнайы дайындалған ет салады. Ет піскен кезде әйел босанады деген сенім бар. Мұны «жарыс қазан» деп атайды, толғақты жеңілдетеді, әйел оңай босанады, содан кейін босанған әйелге сорпа мен етті әкеліп береді деген наным бар. Қазір фастфуд әкеліп жатыр, ертеде осылай жасалатын», – дейді облыстық перинаталдық орталықтың директоры Жапырақ Епенова.