– Оқиға 13 наурызда күндіз болды. «Мерседес» жүк көлігінің жүргізушісі маневр кезінде бұрылысқа шықпай қалды Салдарынан тіркемесі бар көлік аударылды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және өзге де құрылыстарға немесе өзге де мүлікке зақым келтіріп, материалдық залал келтірген жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Бапта 20 АЕК (61,2 мың теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айыру қарастырылған.