Бүгін 1 шағынауданда орналасқан №3 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан өрт шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел кезекшісіне сағат 08-50-де қоңырау түскен.
"Ғимараттың әдістемелік бөлімі жанған. Шамамен 100-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрт ғимараттың 30 шаршы метрін шарпыған", - дейді Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау капитаны Нұрсұлтан Әбдіраш.
Өрт шамамен сағат 09:20-да толық сөндірілді.
Оқиға орнына 9 техника, 26 қызметкер жұмылдырылды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА