© Фото www.gov.kz сайтынан алынды
Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған 95 мобильді бригада жұмылдырылды, 58 мобильді бригада резервте тұр.
Бүгінгі таңда 53 жедел жәрдем бригадалары жұмыс атқаруда, резервте – 16 бригада бар. 9 наурыз күні 674 шақырту түскен. Оның ішінде пневмония – 2, ЖРВИ(ОРВИ)- 67. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелері деңгейінде 10 КВИ ауруы оқшауланған. Облыста ересектерге 41, жүкті әйелдерге 27, балаларға 26 сүзгі орнатылған. Медициналық ұйымдардың ішкі бұйрықтарымен ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға БМСК деңгейінде триаждау және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жауапты мамандар бекітілген, - деді Асқар Сағымбаев.
БМСК 478 учаскеге – 466 жалпы тәжірибелік дәрігер мен 1557 орта медициналық персонал тартылса, резервте профильді мамандардан 44 дәрігер мен 157 орта медициналық персонал бар.
Облыстың барлық медициналық ұйымдары, стационарларда 436 млн теңгеге және дәрігерлік амбулаторияларда 15,7 млн теңгеге жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. Қоймада 57 448 жеке қорғаныс құралдары бар (бұл ПЧК (обаға қарсы жинақтар), бір рет қолданылатын маскалар, қолғаптар, антисептиктер және т.б.). ЖҚҚ тізімдері мен жеткізілімдері апта сайын жаңартылып отырады және денсаулық сақтау басқармасы бақылайды.