© Сурет Азамат Сәрсенбаевтың видеосынан скриншот
Әлеуметтік желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың видеосы тарап жатыр. Видеода ол Солдатский жағажайында шаяндар жатқанын айтқан, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл жағдайға эколог Кирилл Осин түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл қатты дауылдан кейінгі жиі болатын жағдай.
«Қатты дауыл болды. Өкінішке орай, жыл сайын көктемде бораннан кейін шаяндар осы жерге шығады. Мұның себебін қандай да бір әсер немесе ластану деп айтуға болмайды. Әйтпесе біз тек осы жағажайда ғана емес, шаяндарды басқа да жағалауда көретін едік», - деді Кирилл Осин.
Эколог тек буынаяқтыларға ғана емес, балшық пен шаяндардың арасында көп қоқыс жатқанына назар аудару керек екенін атап өтті.
«Видео авторы лай мен шаяндардың арасында қоқыстың көп екенін айтады. Теңіз адам қоқыстарын қайта сыртқа шығарды. Осы ретте теңізді ластамай, қорғауымыз керек», – дейді эколог.