Бейнеу ауданындағы Тәжен елдімекенінің тұрғыны жолдан жалғыз аққу тауып алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Тұрғын Қалдыбай Сәрсеновтың айтуынша, түскі уақытта ауыл сыртында жалғыз аққу жүрген. Ол аққуды төрт-түлік малдың азығына айналмасын деп өз үйіне алып барған.
"Аққуда ешқандай жарақат жоқ. Тек шаршап қалған сияқты. Қазір су, нан беріп, жылы жерде ұстап отырмын", - дейді тұрғын Қалыбай Сәрсенов.
Ал Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары ертең құсты қалаға алып кететінін жеткізді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА