2022 жылдан бастап жеке аударымдарға салық салынбайды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Апиаш Кемежанова хабарлады.
Айтуынша, банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарлануда.
“Қазіргі уақытта желіде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың яғни, такси жүргізушілеріне мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар таралуда. Салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден бөлуге арналған. Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланды.
Бұл бастамалардың мақсаты цифрлық кеңістікте бизнесті дамытуды көздейді, қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейтінін ескеріңіз”,-деді Апиаш Кемежанова.
Мұнымен қоса, барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ.
Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз.
Мысалы, такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолдана алады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады.
Кассалық аппараттарға тоқталсақ. Қазір бірнеше мобильді қосымшалар бар. Кәсіпкер онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп алып, заңды түрде пайдалана алады.
Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.
Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.
“Сондықтан, құрметті кәсіпкерлер арандатушылыққа бой алдырмай, уәкілетті органдардың ресми ақпаратына ғана сенуге шақырамыз. Қазіргі уақытта желіде жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың яғни, такси жүргізушілеріне мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар таралуда”, - деді Апиаш Кемежанова.