Эколог Кирилл Осин Ақтаудағы жағымсыз иісті қауіпті деп болжайды. Сондай-ақ, балалармен далада көп жүрмеуге кеңес береді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кирилл Осиннің пайымдауынша ауаны ластау ошағы Ақтау қаласының ішінде емес, аудандарда болуы мүмкін.
- Иә қалада ыстың иісі бар екені анық, бірақ қандай да бір себептермен экологтар ластану анықталмады деп хабарлады, - дейді «Эко Маңғыстау» ҮЕҰ-ның басшысы Кирилл Осин.
Қала тұрғындарының көбі расында да жағымсызтың иістің барын айтып, шағымданып жатыр. Әсіресе, ыстың иісі таңертең және кешкі уақытта күшейе түседі дейді халық. Ал экология департаменті қазіргі уақытта тексеріс бастап кеткенін хабарлады.
- Департамент мамандары қазіргі уақытта жағымсыз иістің қайдан шығып жатқанын анықтау үшін тексеріс жүргізіп жатыр, - деді МО экология департаменті басшысының орынбасары Сағадат Хансейітов.