Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Дүйсебек хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, мүйізді ірі қара – 51, ұсақ мал – 534, түйе – 67, жылқы – 569 бас. Бұл өңірдегі малдың (671 596) 0,2 пайызын құрайды.
“Өлген малдарға ішінара патологанатомиялық жарып-сою, көтерем малдарға клиникалық тексеру жүргізілді және көтерем малдардан қан сынамалары зертханаға тапсырылды. Тексеру нәтижесі бойынша «Алиментарлық дистрофия» диагнозы қойылып, расталды”, - деді Нұрсұлтан Дүйсебек.
Жалпы, облыс аумағында жануарлар арасында мал шығынына себеп болатындай аса қауіпті және жұқпалы аурулар анықталған жоқ.
Анықтама үшін! «Алиментарлық дистрофия» – жалпы жүдеумен, барлық зат алмасудың бұзылуымен, тіндер мен органдардың функциясының бұзылуымен және дистрофиясымен көрінетін, ұзақ мерзім бойына қоректік заттардың (тағамның) жетіспеушілік ауруы.