Ақтауда «Отбасы – қуатты мемлекеттің іргетасы» жобасы аясында «Мен не білемін және білмеймін» тақырыбында тұлғалық дамудың оқыту курсы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқыту курсына Маңғыстау Политехникалық колледжінің 18-22 жастағы 30 жас қатысты. Курс мақсаты – NEET санатындағы жастарды қоғамға тарту, NEET санатындағы жастарды психологиялық тұрғыда жұмыс жасау, курс арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оқыту курсы арқылы жастардың болашаққа деген жарқын көзқарастарын қалыптастыру, отбасы институтын дамыту мақсатында тәрбие негіздерін нығайту.
Курс барысында жастар өзін таныстырудан бастап, толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісті. Психолог Назыхан Мырзахановна жастарды қоғамға тарту, жұмыс жасауға ынталандыру жұмыстарын жүргізді.
Курс соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталды. Шара Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылған.