Маңғыстауда өткен ІІІ республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының жеңімпаздары белгілі болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақшұқыр мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ақмаржан Саматқызы І орын алды. ІІ орынды Шетпе гимназиясының 10-сынып оқушысы Арайлым Уәлихан иеленді. Ал жүлделі ІІІ орын Сам жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Ерсұлтан Аушановқа бұйырды.
Жүзден жүйрік атанған Ақмаржан Саматқызы республикаға жолдама алды.
Айта кетейік, аталған байқау 12 қараша күні ұйымдастырылды.