Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғимыранұлы қызметінен босатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, Серік Гусман өз еркімен жұмыстан кетуге шешім қабылдаған.
Айта кетейік, ол қаланың коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы саласына жауапты болды.
Қазір аталған салаға Ақтау қаласы әкімінің сәулет, құрылыс және көлік жөніндегі орынбасары Ербол Ізбергенов уақытша жауапты болмақ.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА