Қарақия ауданына қарасты Қызылқұмға 22 кәсіпкер егін еккен. Қазір егін алқабында өскен көкөністер Ақтау, Жаңаөзен қаласындағы көтерме сауда орталықтарында сатылып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қарақия аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәбит Құсайыновтың айтуынша, Қызылқұм егіншілерге ең тиімді жердің бірі. Себебі мұнда жерасты су көзі бар.
«Кәсіпкерлер қызанақ, қияр, асқабақ, қарбыз, қауын, қырыққабат, баклажан егіп, жеміс ағаштарынан алма, өрік, жүзім, алмұрт, шабдалы жеміс-жидектерін отырғызған. Мұндағы шаруа қожалығының жетекшілері аудандағы аз қамтылған отбасыларға жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін тегін тартуды да ұйымдастырып отырады», - дейді Сәбит Құсайынов.
Сонымен қатар қожалық иелері төрт-түлік мал азығын дайындау мақсатында жоңышқа, арпа егіп, қыстық жем-шөп қорын жинақтап жатыр.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА