• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Екпе алуға ынталандыру қажет

27 шілде, 16:33  |  Маңғыстау жаңалықтары

Короновирус індеті ел аумағында қайта белең алып, өршіп барады. Науқастар саны артып, провизорлық ауруханаларда төсек орындары күнбе-күн толығуда. Бұған басты себеп - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауда салғырттық танытуы, індет ошағын түбегейлі жою мен етек жаюына тосқауыл қою үшін ойлап табылған қуатты қару екпе егу маңыздылығын терең ұғынбауы деп білеміз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда: вакцинация әлемдік пандемияны бұғаттауға бағытталған, кез келген екпе вирус нәтижесінде орын алатын өлім-жітімнің, ауру үдерісінің аса ауыр, азапты өтуінің алдын алады. Әлемнің әр алуан елінде өндірілген кез келген вакцина жүз пайыз деңгейде вирустан қорғаныс қалқанын құру қабілетіне ие емес, дегенмен тоқсан пайыздық деңгейде ауру белгілерін бәсеңдетіп, оның жеңіл өтуіне қамтамасыз етеді, вирустық инфекция өртінің қаулауына кедергі келтіреді.

Бүгінгі таңда елімізде екпе салдырғандар саны 6 миллионға жуықтады. Ел аумағындағы күрделі эпидемиялық ахуалды ой елегінен өткізіп, ажал аранына жетелейтін вирус залалын терең түйсіне білген азаматтар саналы түрде таңдау жасады. Өз денсаулығын қорғау, отбасы мен жақындарының жеке бас саулығына зардабын тигізбеу, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ерікті түрде екпе алуға ниет білдіргендер қатары күн санап артуда. Халық арасында үздіксіз жүргізіліп жатқан вакцинацияның адам өмірін қорғаудағы пайдасы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да өз нәтижесін беруде. Сондай-ақ еліміздің әр өңірінде екпе егу науқанын қолдау, халықтың күмәнін сейілту, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, тұрғындарға вакцина егудің ынталандыру жүйесіне жүгіну мақсатында әр алуан байқаулар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылуда. Маңғыстау өңірінде бірқатар кәсіпкер азаматтардың қолдау-көмегімен мұндай іс-шара жүйелі түрде ұйымдастырлып келе жатыр.

Ақтау қаласының тұрғыны Николай Кириллов есімді азамат «Спутник-V» екпесінің алғашқы компонентін 6 шілде күні алған. Ол апатты-құтқару және өртке қарсы жабдықтау саласында жетекші маман ретінде қызмет етеді. Екпеден кейінгі кезеңде Николайдың жай-күйі бірқалыпты, ешқандай асқынулар байқалмаған.

«Мен бұл шешімге өз еркімен келдім. Әзірге отау құрғаным жоқ, жеке өзім өмір сүремін. Менің денсаулығым – менің ең басты байлығым. Екпенің алғашқы компонентін «Дина» сауда үйінің жанында орын тепкен жылжымалы егу пунктінде алдым. Медицина қызметкері алдын ала дене қызуымды, қан қысымы мен қанның оттегімен қанығу мөлшерін тексерді. Бірқатар сауалдар қойып, менің денсаулығымның қалыпты екендігіне көз жеткізді. Екпе егу ешқандай қиындық туғызбады. Өзімді керемет сезінемін. Екпенің екінші компонентін 27 шілде күні алдым», - дейді Николай.

Николай екпе алу барысында ғана ұтыс ойынының ұйымдастырылып жатқандығынан хабардар болады. Нар тәуекел деп, байқауда бақ сынап көруге бел буады. Ойын талаптарын дұрыс орындаған Николайға ойын нәтижесінде теледидар табысталды.

«Әрине, мен өте қуаныштымын. Вакцинация науқанын қолдау мақсатында өткізіліп жатқан мұндай байқаулар халыққа керемет көңіл-күй сыйлайды. Екпе алу әркімнің өз еркі. Ешкімді мәжбүрлеу жоқ. Бірақ мен екпенің вирусқа қарсы ең ұтымды қару екендігіне толықтай сенемін», - дейді Николай.

Ал «Келешек» колледжінің директоры, 37 жасар Жұпар Аңдамаова байқаудан тоңазытқыш ұтып алды.

«Ең алдымен айтарым екпені байқауға қатысу үшін емес өз денсаулығымды қорғау мақсатында алдым. «Спутник-V» екпесін 2 шілде күні «СофиМедГрупп» емханасында салдырдым. Сол кезде ойын жайлы естіп, қатысуға шешім қабылдадым. Өткен жұма күні ұйымдастырушылар қоңырау шалып, ұтысқа ие болғанымды хабарлады. Әрине, қуаныштымын. Екпе алғаннан кейін өн бойымда әлсіздік байқалды. Дегенмен учаскелік дәрігер нұсқаулығына сәйкес иммунитетті көтеретін дәрумендерді қолдану нәтитжесінде өзімді бірқалыпты сезінудемін. Ешқандай асқынулар жоқ. Екпе – пандемияны ауыздықтайтын, қалыпты тұрмысымызды қайта орнатуға берілген жалғыз мүмкіндік. Сондықтан жан-жақты, сатылы зерттеулерден өткен екпеге күмәнмен қарауға негіз жоқ», - дейді Жұпар Аңдамасова.

Жұпар Аңдамасованың сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда биыл ашылған «Келешек» колледжі ұжымының 80 пайызға жуығы екпе салдырған.

Еліміздегі короновирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау науқанын қолдау мақсатында Маңғыстау өңірінде екпе алғандар арасында ұтыс ойынын ойнатуды ұйымдастырушы Нұрлан Қуанышбай халықты екпе салдыруға ынталандыратын мұндай тәжірибенің оң ықпалын атап өтті. Жуырда ғана Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин ұтыс ойындары халықаралық тәжірибеде бар шара екендігін тілге тиек етті.

«Қазіргі таңда 17 мемлекет мұндай шараны қолданады. Ол елдердің қатарында АҚШ, Израиль, Франция, Испания, Португалия бар және бұл елдерде осыған ұқсас шаралардың бірқатар түрі бар. Мысалы, АҚШ-та вакцина салдырғандарға қымбат лотерея билеттері беріледі, олар шамамен 20 доллар тұрады. Ол билеттер қомақты соманы ұтып алуға мүмкіндік береді», - деген еді ол.

«Маңғыстаудың бірқатар меценат азаматтары былтыр өңірде орын алған төтенше жағдайды, ел басына төнген ауыр кезеңді ескере отыра екпе салдыру науқанын қолдау мақсатында осындай ойын ұйымдастыруға шешім қабылдады. Ойынның басты шарты – 22 маусымнан бастап шілденің аяғына дейін кез келген екпенің алғашқы компонентін алған азамат қатыса алады. Екпе алған адам мобильді қосымша арқылы арнайы тақтайшада көрсетілген QR-кодты сканерлеп, сайтқа еніп, өзі туралы мәліметтер бағанын толтырып, бізге жолдайды. Сосын 4 саннан тұратын нөмірін сақтап қояды. Әр жұмада менің жеке-инстаграм (@nurekeuanyshbai3007) парақшамда жүргізілетін тікелей эфирде ойын нәтижесі әйгіленеді. Геннератор арқылы кез келген сан таңдалып, қатысушылар базасынан ұтыс иесі анықталады. Байқау басталғалы 30-ға жуық жеңімпаз анықталды. Ойынға он мыңға жуық қатысты. Теледидар, қысқа толқынды пеш, тоңазытқыш, смартфон, әр алуан тұрмыстық техникалар ойнатылды. Өткен аптада демеушілер қатары толығуына орай бір қатысушымыз «Rixos Aktau» қонақ үйіне жолдама ұтып алды. Ұтысқа тігілген ең басты кәде – Ақтау қаласындағы жаңа шағынаудандағы екі бөлмелі үй. Баспана келесі аптада ойнатылады», - дейді Н.Қуанышбай.

Ұтыс ойыны шілденің соңына дейін жалғасады.

Голрох Жеменей

855
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Каспий жағалауы екі шахмат алаңымен толықты

Келесі жаңалық

Вакцинациялау: Маңғыстауда халықтың 25,6%-ы бірінші компонентпен егілді

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    29 маусым, 14:20
    1476

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    2012

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1738

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1446

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1449

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1828

    Рубрикалар

      ФотоРедакция туралыҚоғамБайқауМәдениетҚарақияЖаңаөзен - 50 жылХабарландыруӘлем жаңалықтарыӘдебиетҚызық дерекСұхбат

    Автордың басқа да жазбалары

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    Кеше 14:02
    290

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    191

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    189

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    171

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    169

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    355

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»