Ақтау қаласы бойынша абаттандыру жұмыстары басталды. Аталған жұмыстарды «Ақтау Сервис-Құрылыс» ЖШС атқарады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қазіргі таңда Т.Шевченко саябағынан теңізге іргелес тіреу қабырғалары мен қала бойынша кіші архитектуралық мүсіндерді сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, абаттандыру жұмыстары аясында жыл бойы қала аумағында ескерткіштерді жуып-тазалау, балалар ойын алаңдарын, шағынаудан периметрлері мен шағынауданішілік тіреу қабырғаларын сырлау, кіші баннерлерді жаңарту, орталық үлкен Ту тұғырын жөндеу, сонымен қатар, дефектік актіге сәйкес жаяу жүргіншілер жолдарын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Одан өзге қала аумағына қоқыс жәшіктері бар 100 орындық пен жарық бағаналары орнатылады.