Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысында 2020 жылдан бастап осы күнге дейін коронавирус инфекциясының 11 404 жағдайы тіркелді.Оның ішінде шағыммен 5569 жағдай, шағымсыз 5835 жағдай анықталған.
«Былтырдан бері 184 адам көз жұмды. 8896 науқас емделді. Қазір ауруханада 721 науқас ем кабылдап жатыр. Ал үй карантиніне 1889 адам орналастырылған», - деді Ғазиз Надуев.