Маңғыстау облысының әкімдігі мен ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, өңірге 546,304 тонна арпа жеткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мұны «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы «Каспий» ӘКК» АҚ облыстық қазынадан бөлінген қаржыға жүзеге асырып отыр. Мақсат – арпаның бағасын арзандатып, өңір шаруаларына қолжетімді бағада жем жеткізу.
Қазір 1 тонна арпаның нарықтағы орташа бағасы 112 мың теңге. Ал, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» арқылы жеткізіліп жатқан бір тонна арпаның сатылымдағы бағасы 92 мың теңге.
Бүгін тоғыз вагонға артылған арпа жемі өңір станцияларына келіп тоқтады. Түпқараған, Мұнайлы аудандарына үшін 5 вагон, Жаңаөзен қаласы мен қарақия ауданы үшін 2 вагон, Маңғыстау ауданы үшін бір вагон бөлінді.
Қабылдауға ыңғайлы болу үшін және одан әрі мал шаруашылықтары арасында тарату үшін арпа 45-50 кг қаптарға салынған.
Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.