Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов мәлім етті.
Оның айтуынша, айт намазы Маңғыстау облысы бойынша 20 шілде күні таңғы сағат 07:00-де мешіт аулаларында санитарлық талаптарды сақтай отырып оқылады.
«Айт намазына келушілер бетпердемен, үйден дәрет алып, өзімен бірге жайнамаз алып келулері қажет. Егде жастағы қарт кісілер, әйел адамдар мен балалар айт намазына келмегендері абзал. Сонымен қатар дене қызуы бар адамдар айт намазына келмегені дұрыс. Мұндағы басты мақсатымыз – коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу. Айта кетейік, 19 шілде күні - арафа күні. Бұл күнде мұсылман баласы ораза ұстағаны абзал», - деді облыстың бас имамы.