Орталық коммуникациялар қызметінде өткенде баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов өңірде ауыз су мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты.
Облыс басшысының айтуынша, аймақ үшін өте маңызды мәселе - ауыз сумен қамту.
Маңғыстау облысы «Қиғаш-Маңғыстау» су құбыры және теңіз суын тұщыту арқылы ғана сумен қамтамасыз етіледі. Себебі табиғи жерасты су көздері аз. Өңірде су тапшылығы негізінен жаз айларында орын алады. Қазіргі таңда облыс орталығы Ақтау қаласындағы ауыз суға байланысты мәселе «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның уақытша жөндеу жұмыстарына жабылуы салдарынан туындады. Жөндеу жұмыстары алдағы күндері аяқталады деп жоспарланған.
«Өңірдегі ауыз су мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін ирі жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. «Каспий» су тұщыту зауытының қуаттын екі есеге арттырып, тәулігіне 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі басталды. Зауыт қуаттылығын арттыру жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда », -деді ол.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Қаражанбас» кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщытатын зауыт салып жатыр. Бұл зауыт биыл іске қосылады деп күтілуде.
Сонымен қатар Жаңаөзен қаласын толықтай сумен қамтамасыз ету үшін Кендірлі курорттық аймағында және Құрық ауылында тәулігіне 50 мың текшендиметр су тұщытатын зауытонсындыды Осындай зауыт Форт-Шевченко қаласында да іске асырылады.
«Ал елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамтуды биыл 96,2% -ға жеткіземіз. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3 жоба іске асырылып, Ақжігіт, Басқұдық және Бекі ауылдарына су құбырлары тартылады », - деді С. Трұмов.