Маңғыстау облысындағы «Оймаша» әскери оқу-жаттығу полигонында теңізжаяу әскерлерінің 300-ге жуық жауынгері алғаш рет автоматтан оқ атып, өздерінің жауынгерлік кәсіби біліктерін арттырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тәжірибелік сабақтың алдында, жас сарбаздармен атыс қаруының сипаттамасы, атыс ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелері қарастырылған теориялық курс өткізілді. Олар АК-74 автоматынан бастапқы және бірінші атыс жаттығуларын орындады.
Үздік мергендердің бірі - 100 баллдан 86 балл жинаған Ақмола облысы, Ерейментау ауданының тумасы Дмитрий Тороп.Қатардағы жауынгер атап өткендей, ол өмірінде алғаш рет қарудан оқ атыпты.
"Бүгінге дейін ешқашан қолымда қару ұстамаған емеспін, әрине ату оңай болған жоқ. Бірақ менің ойымша, біздің командирлеріміздің басшылығымен алдағы сабақтар барысында білімімізді толықтырып, барлығын жоғары деңгейде орындаймыз деп сенемін", - деді қатардағы жауынгер Дмитрий Тороп.
Сарбаздар әскери даярлықтың бастамаларын жақсы үйреніп, енді ант қабылдауға әзір.