ҚҰРМЕТТІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды өздеріңіз асыға күткен Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл рақым мен кешірімге, мейірім мен қайырымдылыққа толы қасиетті Рамазан айының аяқталып, адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мейрам.
Ораза айты – дін бауырластарымызды ғана емес, сондай-ақ барша адамзатты ынтымаққа, ауызбірлікке, өзара сыйластық пен құрметке бастайтын орны бөлек күн.
Отыз күн ораза тұтып, мұсылмандықтың қастерлі парызын орындаған ағайын бүгін аузын ашып, зор қуанышқа бөленіп жатыр. Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен жасаған игі амалдарыңыз қабыл болсын!
Айттан айтқа аман-есен жете берейік!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақтың құт-несібесі арта берсін!
Ізгі ниетпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов