• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Ұлттық өнердің хас шебері

23 наурыз, 08:43  |  Маңғыстау жаңалықтары

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын әзірлеу және көктем мерекесінің мазмұнын байыту туралы тапсырмасына сәйкес Наурыз мерекесін атап өтудің бір айлық жоспары жасалып, тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Осы тұжырымдама аясында наурыздағы әр күннің өз ерекшелігі болды. Алғыс айтумен басталған айдың 4-күні халқымыздың ұлттық киімдеріне арналды. Бұл күні мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен бастап барша жұрт ұлттық нақыштағы киімдерін киіп жүрді. «Қандай әсем көрініс бұл!» деп тамсандық та. Ал бүкіл республикаға танымал жерлесіміз Нұрияш Ниязова үшін бұл күннің осылай аталуының жөні тым бөлек-тін...

Өйткені халыққа ұлттық киімін кигізу жолындағы 40 жыл бұрынғы күресте жеңіске жетіп, өңірімізде тұңғыш ұлттық сән үйін ашқан Нұрияш Ниязова осы 4 наурыз күні 80 жасқа толды. Бұл жақсы жаңалықты Алланың тағы бір сыйы деп қабылдаған шебер апа осынау сәйкестікке қайран қалып, қатты толқыды. Көз алдына сонау алыста қалған балалық шағы, қолына ине-жіп ұстай бастаған кездері ескі таспадай көлбеңдеп өте берді...

Балалық шақ дейтіндей, оның балдәурен кезеңі асыр салып ойнаумен өтпеді. Бүкіл Бекдаш жұрты оны Ақ Нұраш деп атайтын. Өзіндей қыздар тұлымшағы желбіреп, жасырынбақ, бес тас ойнап жүргенде, бұл көрші келіншектердің жанында отырып, ине сабақтап, тігістің неше түрін үйренумен болды, ұршық иірді. Мұндай шаруаларға оны мәжбүрлеп жатқан ешкім жоқ, анасының да қызынан шеберлік талап ететін мүмкіндігі жоқ. Таң алакеуімде 2-3 шақырым жердегі балықшылық жұмысына Бекдашының шетсіз құмына батып-шығып жүріп жаяу барып, сілесі құрып келетін анасына Ақ Нұрашы үй шаруасын тындырып, тамағын дайындап қойса, болғаны. Ал шынашақтай пысық қыз 7 жасында іс тігуді үйреніп, 9 жасында көрші әйелдердің көйлек-жаулығын тігіп беретін жағдайға жеткен. Еңбегін бұлдап, ақы сұрау деген ойына кіріп-шыққан да емес. Кешке дейін малын жайлап, бар шаруасын тап-тұйнақтай етіп, шешесінің жолын тосып тұрған көршілерінің ортасына сонша жерден арқалап әкелген жарты қап балығын «өздерің бөліп ала беріңдер» деп лақтырып тастап, жуынып, үйге кіргенінше дастарханын да дайындап қояды. Көрші апайларының да көңілі тоқ, бір үйді алып отырған құйттай қызына анасы да риза.

Бір күні көрші апайлардың бірі Нұрияштан дайын көйлегін алып, қолына ұстап қарап тұрып: «Ақ Нұраштың тіккені мәшіннен кем емес-ай» деп басынан сипап, бетінен сүйді. Бұл көйлекті қайып тіккен еді. Көршінің сол сөзі оған әсер еткені сонша, «мәшіннің тігісі бұдан да әдемі болады екен-ау» деп түйген 9 жасар қыз алдына тігін машинкасын сатып алуды мақсат етіп қойды. Бірақ оған әзір қол жеткізуі мүмкін емес екенін білетін оның көңілі бірауық алаша тоқуға да ауып, өз қолымен тоқып көргісі келді. Ойына алғанын орындамаса, жаны тыншымайтын қыз бала өзі тұратын поселкедегі сульфат өндіретін «Қарабұғасульфат» өндірістік бірлестігінің өнім қаптайтын қаптарын қолға түсіріп, оларды тарқатып, жіп етіп иіріп, дайындап қояды да түрлі түске бояйтын бояу іздейді. Ауылдан бояу таппасын білгесін Бакуге қатынайтын экспедитор кісіден өтініп, қолында бар азын-аулақ ақшасын беріп, үш түрлі бояу алдыртады. Сөйтіп, үйдің қасындағы өзі құсаған кішкентай қыздарды жинап, қазық қағып, алаша тоқитын бір апайды шақырып алып, сол кісіге бастатып алады да, 11 жасында 9 құлаш керемет әдемі алаша шығарады. Көргенін қағып ала қоятын Нұрияш бұдан кейін алашаларды өзі-ақ тоқып алатын деңгейге жетті. Ал бір жылдан кейін бұл қыз 3 жылдан бері армандап жүрген тігін машинкасын сатып алады. Қалай дейсіз ғой? Жұмыс істеп, өзінің адал еңбекақысына сатып алды. Титтей баланы кім жұмысқа қабылдасын, өзінің алғырлығымен, арманына жетпей қоймайтын табандылығымен, жазғы каникулда көрші әйелдердің соңынан қалмастан ілесіп, 3 ай бойы «Қарабұғасульфаттың» қаптарын жамады. Маңдай терімен тапқан ақшасын санамастан, баяғы экспедитор ағайының үйіне ентігіп әкелгенінде, ол кісі отбасымен дастархан басында шай ішіп отыр екен. Келе сала Бакуге қашан кететінін сұрап, тігін машинкасын алдырғысы келетін айтты. Ағай ақшаны қайдан алғанын сұрағанда, 3 ай жұмыс істеп тапқанын айтты. Сонда ағай қасындағы төрт қызын көзімен бір шолып өтті де, қолындағы кесесін дастарханның шетіне қойып, әйеліне қарап:

– Таңертең сағат 7-де тұрып, шайымды ішіп, жұмысқа кетемін. Менімен бірге тұрып, шай ішеді мына қыздар. Мінеки, жұмыстан шаршап келіп отырмын, бұлар ақ тауды айырып, қара тауды қайырып жүргендей, тағы да менімен бірге шай ішеді. Таңертең мен кеткеннен класс ойнап, көлеңке қуып, бес тас ойнап келіп отыр, – деді.

Әйелі үнсіз жерге қарады.

– Әкел, айналайын, ақшаңды, – деді сосын Нұрияшқа қарап.

Нұрияш қуанғанынан ақшасын бере салды. Көп ұзамай машинка да қолына тиіп, Нұрияш қыз өмірлік кәсібін осылайша бастап кеткен-ді.

Алайда есейіп, бір үйдің ұйытқысы болғаннан кейін, күні бүгінге дейін тап осы күн Нұрияш апайдың ойынан бір сәт те шыққан емес. «Сол кезде менің ол кісіге берген ақшам машинка алуға жетті ме екен? Мені бала болған соң аяп, өз жанынан ақша қосып, мен оның алдында борышты болып қалмадым ба?» деген ой мазалайды да жүреді...

...Өмірінің 70 жылын тігіншілікке арнап келе жатқан Нұрияш Ниязованың жүріп өткен жолы ауыр да қызықты. Қандай қиындыққа да тайсалмастан қарсы келіп, бірбеткейлігінің арқасында дегеніне жетіп жүретін апай осы «Өрнек» ұлттық сән үйін ашу үшін 4 жыл айқасты. Ол кез – Кеңестің заманы. Қазақты қазақ болсын дейтін кім бар, Нұрияш апаның ұлттық киім тігетін шеберхана ашамын дегенін ешқандай басшы қолдамады. Талай есікті қағып, талай табалдырықты тоздырды. Сондағы айтатын сылтауы – қазақтар ұлттық киімдерін кимейді, сұраныс болмағандықтан жоспар орындалмай қалады. Төрт жыл бойы беті қайтпаған апай да «сіздер маған шеберхана ашуыма рұқсат беріңіздерші, жоспар орындалмай бара жатса, өзім-ақ жауып тастармын» деп қасқайып тұрып алғасын сол кезде бұлардың директоры болған Павел Ким деген корей жігіті рұқсатын беріп, апайға шеберхана ашуына жәрдемдесті. Ал хас шебердің қолынан шыққан ұлттық киімдер бүкіл мекеменің жоспарын артығымен орындап, биіктен көрінуіне негіз болды. Баяғы жоспар орындалмай қалады деп, сенімсіздік көрсетіп, апайды 4 жыл сандалтқан басшылар енді Нұрияш Ниязованы ауыздарынан тастамай мақтап, талай сый-сияпаттар, алғыс хаттармен марапаттады.

Содан бері 36 жыл өтіпті. Осы жылдар ішінде апай жүздеген қыз-келіншекке ұлттық киім тігудің қыр-сырын үйретті. Өзі халқымыздың ұлттық нақышынан ажырап қалмай, ұлттық дәстүрдің сақталуына себеп болсам деген арманына жеткеніне қуанышты. Көптеген көрмелерге қатысып, еңбегінің лайықты бағасын алып жүр. Қазақстанның халық шебері атанды, үлкен мемлекеттік наградаларға ие болды. Сол марапаттардың ішінде ең ерекшесі – оның асыл дүниелері халықаралық деңгейде мойындалып, Алтын тәжге ие болғаны еді. Бұл Алтын тәж – Испанияның Мадрид қаласындағы дүние жүзіндегі сапалы бұйымдарды, шебер тұлғаларды анықтайтын халықаралық ұйымның ең жоғары наградасы.

Бас киімнен бастап аяқ киімге дейін тіге алатын хас шебердің өте қайырымды, қажет кезде көмек қолын созып отыратын тамаша қасиетін «Жорға» би ансамблінің жетекшісі Серік Сариев ризашылықпен айтып отырады.

– Кейде мәдени шараларға қатысарымызда бишілерімізге киім жетпей жататыны бар, қаржы болмай қалатын кездер де аз емес, – дейді ол. – Сондайда Нұрияш апайыма хабарласамын. Ол кісінің аузынан «жоқ» деген сөз шыққанын естімеппін. Бірден келісе кетеді де қалағанымызды тауып беріп жатады. Бір емес, бірнеше рет тегін киімдерін ұсынып, тығырықтан шығарып жүр. Киімдерді бишілеріміздің жасына, тақырыпқа қарай тауып беретін апайдың талғамына қайран қаламын. Нұрияш апамызға қанша алғыс айтсақ та, артық емес. Маңғыстаудың сахнаға шығатын барлық өнер иелерін осы «Өрнек» киіндіреді десем де болады.

Өңір мәдениеті мен өнеріне ауқымды үлесін қосып келе жатқан апайдың Маңғыстау тарихында өзіндік орны бар. Бірінен соң бірі ашылып, қазақтың қыз-келіншектерін заманға сай ұлттық киімдермен қамтып тұрған сән үйлерінің барлығының көш басында осы «Өрнек» тұр. Бүгінде еліміздің төрт өңірінде «Өрнектің» филиалдары бар. Ал апай өзінің өнерін әрі қарай жалғастырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге талпынып жүрген шәкірттеріне дән риза. Бүгінде елге танымал Нұржамал, Тәрбия сынды шебер қыздар да «Өрнектен» енші алып, «отау» тіккен-ді. Өз алдына үлкен шеберхана ашып алған Гаухар Әмірова деген шебер қыз да «Өрнекте» жеті жыл жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтаған. Осыдан біраз жыл бұрын Гаухар Ақтаудан студия ашып, соның салтанатты шарасына барғанымызда: «Қолыма алғаш ине ұстатып, саусағыма оймақ ілдірген осы Нұрияш Ниязова апайым. Сән үйіне келгенімде тігіншіліктен мүлдем бейхабар едім», – деген болатын.

Дегенмен, Нұрияш апай тіл білмесе де ыммен түсіндіріп, әскери шеру киімдерінің шебері етіп шығарған өзінің ілкі шәкірті, африкалық Ахмет деген мұсылман жігітін есіне алса, көкірегін мақтаныш сезімі билейтіні рас. Бұл 1963 жылы болатын, апайдың Түрікменстандағы Небиттау қаласындағы әскери шеру киімдерін тігетін шеберханада жұмыс істеп жүрген кезі. Неге екені белгісіз, Африкада болған бір соғыста жараланған әскерилер Небиттаудағы госпитальде емделіп жататын. Әлгі Ахмет деген қара нәсілді жігіт бір аяғынан айырылған мүгедек, енді соғысқа жарамайтын болғасын Нұрияш апайға үйренуші етіп бекітіп қойған екен. Сол жігіт еліне кетерінде Мәскеуде аудармашы тауып, сыйлығы мен орысша жазылған алғыс хатын жолдапты. Тұңғыш шәкіртінің бұл ыстық ілтипатын апай көпке дейін сақтап жүріп, көші-қон кезінде ажырап қалған екен. Есесіне, 1953 жылы алғашқы еңбекақысына сатып алған тігін машинкасы сән үйінде әліге дейін сақтаулы. Онысы шәкірттеріне өнеге, өзінің қайта оралмас бала шағынан қалған баға жетпес құнды естелік. 12 жастан болашаққа осындай ескерткіш қалдыру кез келген кісінің қолынан келмейтіні анық. Апай жұмыстан шаршап, пендешілікпен көңіл күйі төмендеген кезде осы жәдігерге қарап, жігерленіп, содан күш алатындай күй кешетіні бар.

– Шүкір, өмірлік мақсатыма жеттім. Еліміз аман, аспанымыз ашық. Ұрпақтың қызығын көріп, еңбектің жемісін татып, құрметке де ие болып жүрмін. Алайда адамның арманы таусылса, барлығы да бітеді деген бар ғой. Менде де әлі тындырғым келетін шаруалар баршылық. Алла қуат берсе, әлі де еліме қызмет етуден қалғым келмейді, – дейді рухы биік, талабы мықты Нұрияш Ниязова.

Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

406
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау жастары тәуелсіздікке тарту жасады

Келесі жаңалық

Ұлтты ұйыстырар ізгі мейрам

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    «Маңғыстау Медиа» ЖШС-нің жаңа ғимараты ашылды

    29 маусым, 14:20
    1586

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    2064

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    1815

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    1521

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    1503

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1888

    Рубрикалар

      СпортЭкономикаҚызық дерекӘдебиетӘлем жаңалықтарыМұнайлыБайқауРедакция газеттеріЖаңалықтарХабарландыруДенсаулықБайланыс мәліметтері

    Автордың басқа да жазбалары

    Облыста коронавирус жұқтырғандар саны азайды

    Бүгін 09:28
    7

    Қазақстандықтар қайта вакциналаудан қалай өткізіледі

    15 қазан, 16:20
    296

    Маңғыстау облысында халықты екпемен қамту көрсеткіші 45-46% жетті – А.Жұмыров

    15 қазан, 11:55
    217

    Вакциналау жұмыстары күшейтілген режимде жалғасуда

    15 қазан, 11:45
    189

    Талғат Момышев экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

    15 қазан, 10:47
    218

    Маңғыстауда “суретші” қылмыстық жауапкершілікке тартылды

    15 қазан, 10:25
    354

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»