Ақтау қаласына «Ankai» маркалы 30 автобус келді. Қазіргі таңда автобустарды қалалық №1, №4М және №5 бағытына іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Ақтау қалалық автобус парктерін жаңарту» салалық жобасы әзірленген. Аталған жоба «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бірігуімен және «Қазақстан Даму Банкінің» лизингтік бағдарламасының негізінде іске асып жатыр.
Еске сала кетейік, 2020 жылы қарашада «СарыаркаАвтоПром» ЖШС-нен «Yutong» маркалы 18 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда қалалық №3, №7 және №8 бағытында қатынап жүр.