Біздің республикамыздың барлық азаматтарын қандай да бір жаста мемлекеттен зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері қызықтырады: зейнетке қалай шығу керек, тиесілі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қалай есептеу керек және тұтастай алғанда, зейнетақымен қамсыздандыру бойынша азаматтар үшін қандай мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы кейбір мәселелер бойынша толық ақпаратты осы мақаланы оқу арқылы таба аласыз.
Республикада зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес жүзеге асырылады.
Зейнетақы – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.
Ерлер үшін зейнеткерлік жас 63 жасты, әйелдер үшін – 59,5 жасты (2020 жылы) құрайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айдан арттырылады.
Осыған байланысты, 1961 жылдың 1 қаңтары мен 1961 жылдың 30 маусымы аралығында туылған әйелдер 59,5 жасында зейнетақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне 2020 жылдың 31 желтоқсанынадейін тиісті құжаттары мен өтініштерін тапсырулары қажет. Егер, зейнетақы тағайындауға қажетті құжаттары мен өтініштерін 2020 жылы тапсырып үлгермесе, 2021 жылы 60 жасында зейнетақы тағайындалатын болады.
Зейнетақы тағайындау үшін қажетті құжаттар мен өтініштерді Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері 1961 жылдың 1 қаңтары мен 1961 жылдың 30 маусымы аралығында туылған әйелдерден 59,5 жасына 9 күн қалғанда қабылдайтындығын ескертеміз. Мысалы: әйел адамның туған күні 30.06.2020ж. болса, оның 59,5 жасқа толатын күні 30.12.2020ж. болып табылады, ол өзінің 59,5 жасынан 9 күн бұрын, яғни 21.12.2020ж. бастап30.12.2020ж дейінгі аралықта зейнетақы тағайындауға қажетті құжаттары мен өтініштерін тапсыра алады.
Мемлекеттік корпорация өз құқықтарыңызды уақытылы пайдаланып қалуларыңызды сұрайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Маңғыстау облысы бойынша филиалы