Бүгін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тазалық қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы ол өзінің фейсбук парақшасында бөліскен.
«Бүгін өз-өзіме жаңа жылдық сыйлық жасадым. Күннің ыстығы мен суығына, жауын мен қарға қарамастан көше тазалығын көп жылдан бері қамтамасыз етіп жүрген бір топ апайларымыз бен ағаларымызға Алғыс хат, гүл шоқтары және мерекелік дастарханына қоятын аз-маз тарту жасадық. Бұл кісілердің қуанышы сыйлыққа тепе-тең емес пе?» - делінген.
Айта кетейік, қазан айынан бастап тазалық қызметкерлерінің жалақысы 25% көтерілген болатын.
Жұлдыз ҚАЛИЕВА