2020 жылы 27 қараша күні онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице министрі Шолпан Таңатқызы Каринованың қатысуымен «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Рәсімге облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, меценаттар, жұмыс берушілер, ТжКБ бөлімдерінің басшылары, колледж директорлары мен студенттері қатысты.
Қорытындысы шығарылып, «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасының жеңімпазы Оразмағанбет Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенті Өтеғұлұлы Қанат ҚР Білім және ғылым министрінің атынан диплом мен арнайы «Топ 100 студенттері» төсбелгісімен марапатталды. Маңғыстау облысы кәсіптік ұйымының бағалы сыйлығын иеленді.
Жобаға қатысып жоғары дауыс жинаған Каспий педагогикалық және жаңа технологиялар колледжінің студенті Оразғалиева Асемай, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенті Танатарова Қымбат, Есенов колледжінің студенті Нұрлан Жанайым, Маңғыстау туризм колледжінің студенттері Камисбаева Айгерим мен Оразгалиева Малика «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасына қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.