Маңғыстау облыстық азаматтық Альянсы 2020 жылдың наурыз айынан бастап Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен ұзақтығы 5 ай болатын «FUTURE JASTAR MANGYSTAU» жобасын жүзеге асыруда.
Жоба аясында пилотты 3 ауыл мектептерінің 150 оқушысы және 17 мұғалімдері “Scratch” (7-10 жас аралығындағы 100 оқушы) бағдарламалау курсын және “HTML/CSS”(13-16 жас аралығындағы 50 оқушы) веб бағдарламалау курсынан өтті.
Оқыту курсының нәтижесінде алған білімін тәжірибеде қолдану мақсатында оқушылар өз жобаларын дайындап «Ең үздік IT жоба» байқауына қатысты. “Scratch” бағдарламалау курсын аяқтаған оқушылар анимациялық мультфильмдер дайындады. “HTML/CSS” веб бағдарламалау курсын аяқтаған оқушылар вебсайт дайындады.
Іріктеу комиссиясы Маңғыстау облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшысы, «Love to code» ЖШС басшысы және мұғалімінен құралып ең үздік жобаларды анықтады.
Байқау нәтижесінде келіп түскен 26 жобаның 8 жүлделі 1, 2 және 3 орындарға ие болды:
1 орын– Өмірзақ Жеңісбек (М.Әбдіхалықов мектебі, Түпқараған ауданы)
1 орын – Базарбек Нұрболат (№14 мектеп, Мұнайлы ауданы)
1 орын – Ізбасар Гульбану (№11 мектеп, Мұнайлы ауданы)
2 орын – Айбат Амангельдиев (№11 мектеп, Мунайлы ауданы)
2 орын – Сираж Махабат (М.Әбдіхалықов мектебі, Түпқараған ауданы)
3 орын – Кандибаев Нурсултан (№11 мектеп, Мунайлы ауданы)
3 орын – Кыдыргалиев Куттыкадам (№11 мектеп, Мұнайлы ауданы)
3 орын - Даулетмурат Мейрамбек (№11 мектеп, Мұнайлы ауданы)
Байқау жеңімпаздары және белсенді қатысқан оқушылар Технодом үйіне ақшалай сертификатпен, мұғалімдер оқыту курсынан өткенін дәлелдейтін сертификатпен марапатталды.
1 орын – Технодом үйіне 30000 теңгелік сертификат
2 орын - Технодом үйіне 20000 теңгелік сертификат
3 орын - Технодом үйіне 15000 теңгелік сертификат
Сонымен қатар, оқуға белсенді қатысқан 21 оқушы Технодом үйіне 10000 теңгелік сертификатпен марапатталды.