Бүгін Ақтаудағы 2 шағынауданда трансформаторлық қосалқы станция өртенді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Төтенше жағдай сағат 15:09 шамасында болған. Өрт сөндірушілер трансформаторлық қосалқы станциясының өртенгенін естіген соң 3 минуттың ішінде оқиға орнына жеткен. Алайда өрт сөндірушілер трансформатордың тоқтан ажыратылуын 20 минут бойы күткен. Содан кейін 5 минуттың ішінде өрт толықтай өшірілді. Осы трансформаторға тәуелді шағынауданның кей тұрғын үйлері жарықсыз қалды.
«Өрт өшірілді, өрт сөндірушілер арнайы техникамен жұмыс істеді. Зардап шегушілер жоқ», - деді төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН