Маңғыстау полиция басшысы генерал-майор Жанарбек Бақтыбаевтың нұсқауы бойынша Полиция департаментінде қызметтік іс-әрекетте құқық қолдануды сақтау және қызметтік автокөлікте жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында қызметтік көлікке бекітілген қызметкерлермен жол қозғалысы ережелерін және осы саладағы заңнаманың өзгерістерін зерделеу бойынша қызметтік сабақтар үнемі өткізіледі.
«Қызметтік көліктерге бекітілген қызметкерлер жол қозғалысы ережелерін және жоғары сапалы жүргізуді білу, сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы білуі міндетті. Жақында Полиция департаментінің компьютерлік сыныбында полиция жүргізушілері үшін жол ережелерін білуге арналған тест өткізілді. Жүргізуші куәлігі бар полиция қызметкерлері жол жүру ережелері туралы білімі тексерілді», - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Компьютерлік сынып емтихан тапсыруға арналған заманауи бағдарламамен жабдықталған.
Тестілеуден тек облыс орталығының полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар аудандарда қызмет ететін қызметкерлер де еш қиналмастан сынақтан өтті. Барлығы тапсырмаларды орындады.
Мамандардың айтуынша, полиция-жүргізушілердің білімін тексеру жедел-қызметтік міндеттерді шешуге тұрақты дайындықты қолдау үшін қажет.