Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 17 адам тіркелді.
Ақтау қаласында - 10, Бейнеу ауданында - 5, Қарақия ауданында - 1, Мұнайлы ауданында – 1.
Он жеті науқастың екеуі дәрігерге өздері хабарласқан. Ал, қалған 15 адам індетті жұқтырған адамдармен байланыста болған.
COVID-19 жұқтырған 17 адамның 5-еуі кәмелет жасқа толмаған. Қалған 12-сі ересек.
Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
01.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 272 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 62
Жаңаөзенде – 28
Маңғыстау ауданында – 11
Мұнайлы ауданында – 15
Қарақия ауданы – 45
Бейнеу ауданында - 105
Түпқараған ауданында – 6
Жазылып шыққаны – 136
Қайтыс болған – 1