• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды ...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

  • USD: 425.85 ₸
  • EUR: 499.78 ₸
  • RUB: 5.82 ₸

Қазынашылық жүйесінің дамуы

[ 2020 ] 15 сәуір, 11:11  |  Маңғыстау жаңалықтары

Қазақстан нарықтық экономикада экономикалық қатынастарды дамытудың батыстық үлгісін таңдап алды. Алайда кеңес аралық байланыстардың бұзылуы, инфляцияның көтерілуі, жұмыссыздық енді ғана аяғынан тұра бастаған жас мемлекетке үлкен сынақ болды.

Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек еді. Осы кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды.

Осы міндетті мәселелерді шешу мақсатында 1994 жылы Қаржы министрлігі жанынан Қазынашылық бас басқармасы құрылды. Бұл қаржылық жүйе мен бюджеттік мекемелердегі бухалтерлік есептің әдістемесі және сонымен бірге бюджеттік басқарылу функциясы берілген бюджеттің атқарудағы бірден бір ұйым. Сонымен қатар, министрліктерде, ведомстваларда, кәсіпорындар мен ұйымдарда мақсатты және мақсатсыз пайдаланылған бюджеттік қаражаттарды тексеруге және сонда фактілерді айқындаған кезінде мақсатсыз пайдаланған қаражаттарды қайтарып алуға құзыретті болды.

Бірінші кезекте аймақтардағы қазынашылық жүйенің алғашқы құрылымдануы жасалды, Ұлттық банктің есеп-айырысу кассалары қазынашылық басқарманың аумағына шоғырландырылды. Олар бюджеттік қаражаттың түсуін және оны мемлекеттік мекемелердің шотына аударылуын қадағалап отырды. Аумақтық басқарма ҚР Ұлттық банкі мекемесінің ағымдағы шоты мен шығындарын толық есептейтін заңды тұлға болып табылды.

1995 жылы Қазынашылық әлемдік тәжірибеге сәйкестендірілген Қазақстан Республикасы бюджетінің шығындары мен кірістерінің жаңа бюджеттік классификациясын жасап шығарды. Сонымен бірге қазынашылық жүйенің қызметтік бөлігін құрылымдады.

Сол жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ұлттық Банкінің есеп айырысу кассаларының орталығы Қазынашылықтың базасында құрылған Бюджеттік банктің қарауына берілді.

1998 жылдың қаңтар айынанда Бюджеттік банкінің жойылуына байланысты, оның бюджетті атқару қызметтері аумақтық қызынашылық органдарына берілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитет туралы Ережесіне сәйкес Қазынашылық комитетіне ҚР Қаржы министрлігі орталық аппаратынан республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қаржыландырудың нақтыланған жиынтық жоспарын енгізу; несие мен қаржылық мөлшердің бюджетке қайтарылымын беруде республикалық бюджетке назар аудару; үкіметтік және мемлекеттік кепілдік берген борыштық міндеттемелер мен талаптардың есебін және үкіметтік сыртқы қарыздар шоттарынан қаражатты алу жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету; жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен бағалы металдар мен асыл тастарды есепке алу және сақтау – мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражатын игеру және шығыс есебінің мониторингі; Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды басқаруда республикалық бюджетке борыштанушыларды талаптармен бақылау сияқты жаңа міндеттер берілді.

Қазіргі кезде қазынашылық органдар 15 мыңнан астам республикалық және жергілікті бюджеттегі мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетеді.

Қазақстанның стратегиялық дамуы аясында дамып келе жатқан қазынашылық ақпарат жүйесі, бюджетке бүгінгі салықтарды және басқа да төлемдерді аудару, бюджеттік шығындарды жүргізу, қаржы ресурстарындағы жергілікті атқару органдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметін басқарудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік бюджеттің атқарылуындағы транспаренттілік бағыттарына негізделген. Басқаша айтқанда, дамып келе жатқан қазынашылықтың ақпараттық жүйесі–мемлекеттік қаржыны тиімді басқару басты міндетін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік мекемелері, республикада алғашқылардың бірі болып «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне 100 пайыз қосылған. Бұл ақпараттық жүйе ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің мемлекеттік мекемелермен электрондық құжат айналымы жүйесі болып табылады және онда бюджет қаражатының нақты уақыттағы режимдегі аударулары тіркеледі, олардың мақсатты жұмсалуы қадағаланады. Жүйенің мақсаты –мемлекеттік бюджетті атқару және оған қызмет көрсету процесін жеделдету жолымен қазынашылықтың мемлекеттік органдармен өзара байланысының тиімділігін арттыру. Осы жүйенің көмегімен мемлекеттік мекемелер онлайн режіимінде өз шоттарын басқара алады, шоттардың жағдайы, ондағы қалдық ақша, төлемдердің жағдайы туралы ақпаратқа ие болады. Электрондық құжат айналымына көшуге байланысты, қазынашылық органына қаржылық құжаттарды жеткізу, оларды өңдеу, төлемдерді өткізу уақыты, қағаз, автокөлік шығындары қысқарды, мемлекеттік мекемелердің өздері өткізген қаржылық операциялар бойынша көшірмелер, есептілік нысандарын қалыптастыру мүмкіндігі пайда болды.

Электрондық түрде төлемдер мен аударымдарды өткізу кезіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған негізгі шаралар кешеніне ақпаратты қорғау жатады. Төлем жүйесінде байланыс каналдары бойынша берілетін ақпараттық қорғаудың ең сенімді құралдарының бірі – криптографиялық қорғау тәсілі, мұнда оған баратын жол емес, ақпараттың өзі қорғалады.

Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық қазынашылық бөлімшелері барлығы 500-ден астам мемлекеттік мекемеге қазынашылық қызмет көрсетеді.

Бүгінгі күні қуатты мемлекет, жаңа экономика және жаңа біртұтас қоғам құрылды. Сондай-ақ, Қазақстанның қаржы жүйесіне 96 жыл толып отыр. Еліміздің дамуына, өркендеуіне қазынашылық органдары да еңбектерімен өз үлестерін қоса бермек.

М.И.Сардарбек

Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары

2000
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Экономика Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Аймақта ереже бұзған 129 көлік айып тұрағына қойылды

Келесі жаңалық

200 отбасына ұн таратылды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда екінші деңгейлі тұрғын үй бағасы 17,7%-ға төмендеген

    [ 2017 ] 11 желтоқсан, 06:56
    1426

    Премьер-Министр көпбағытты емхананың жұмысымен танысты

    [ 2017 ] 26 қазан, 09:22
    1105

    Қазақстан мен Өзбекстанды жалғайтын тас жолды жаңғырту жұмыстары басталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 11 шілде, 10:59
    1150

    Ақтаудан Ыстамбұлға тұрақты рейс ашылды

    [ 2017 ] 27 наурыз, 11:35
    1147

    Маңғыстау облысы 7 айдың қорытындысы бойынша алғашқы үштікке енді

    11 тамыз, 12:07
    1284

    Өңірде балық өндірісі дамиды

    8 маусым, 09:34
    2977

    Рубрикалар

      Редакция газеттеріҚызық дерекАуыл өміріҚұқықЖастар бетіӘдебиетСараптамаРедакцияҚазақстан жаңалықтарыҚарақияСаясатЖаңалықтар

    Автордың басқа да жазбалары

    Вакцинациялау вирустың таралуын азайтады

    Кеше 14:02
    263

    «Урманов Е.К» ЖК қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:50
    186

    «Нарембаев А.Б» ЖК-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:43
    186

    «Ақ жол құрылыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:41
    170

    «ММД-БекРыс» ЖШС-нің қызмет туралы өтініші

    17 қыркүйек, 16:32
    166

    Сенек - көне қоныс, көркейген ел

    17 қыркүйек, 11:20
    335

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»